160 мыңға жуық балаға 600 млн. теңгеге көмек көрсетілді - ҚР БҒМ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
160 мыңға жуық балаға 600 млн. теңгеге көмек көрсетілді - ҚР БҒМ

160 мыңға жуық балаға 600 млн. теңгеге көмек көрсетілді - ҚР БҒМ

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2015 жылғы 15 қаңтар-15 ақпан аралығында өткізілген «Қамқорлық» республикалық акциясының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • 1 Наурыз 2015
  • 643
Фото - Caravan.kz


Шара барысында аз қамтылған отбасылар ішінен 160 мыңға жуық балаға 600 млн. теңге көлемінде, соның ішінде 100 мыңға жуық балаға демеушілер арқылы 250 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді. Сондай-ақ білім берумен қамтылмаған балалардың (білім берумен қамтылмаған 66 бала анықталды, 29 бала мектепке қайтарылды) бар-жоқтығын анықтау бойынша тексерулер жүргізілді.

Акцияға мемлекеттік қызметшілер, республиканың барлық өңіріндегі әкімдіктер, кәсіпкерлер, түрлі нысан меншігіндегі ұйымдар мен өндіріс орындары белсене араласты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шараның мақсаты — әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа да санаттардағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, оқу құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.