17 ақпандағы саудада рубль 6 теңгеден төмен түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
17 ақпандағы саудада рубль 6 теңгеден төмен түсті

17 ақпандағы саудада рубль 6 теңгеден төмен түсті

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,23 (+0,20) теңгені құрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

  • 17 Ақпан 2023
  • 7
Фото - Caravan.kz

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,94 теңгеге дейін төмендеді.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы төмендеп, 64,41 теңгені (-0,44) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық болған жоқ. Еуро бағамын Ұлттық банк белгілеген – 475,09 теңге.

Ақша айырбастау орындарында доллар 447-450,5 теңгеден, еуро 474-480 теңгеден, ресей рублі 5,85-6,1 теңгеден сатылуда.

Ал, 17 ақпандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.


Осылайша, ICE Futures бойынша Brent маркалы мұнайдың сәуірдегі фьючерстерінің құны 1,90%-ға арзандап, барреліне 83,52 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында наурыз айындағы WTI фьючерстері 2,05%-ға арзандап, барреліне 76,88 долларды құрады.