Жарияланды: 4300

“17 жасқа дейінгі балаларға мешітке кіруге тыйым салынғаны дұрыс”, - Сәуле Әбілдаханқызы

“17 жасқа дейінгі балаларға мешітке кіруге тыйым салынғаны дұрыс”, - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы бүлдіршіндер діни фанатизммен, түнгі клубтармен улануда деп дабыл қақты. 

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі - Аллах, Иншаллах сияқты араби сөздер", - Сәуле Әбілдаханқызы

"Ең өзекті мәселелердің бірі - жастардың ғана емес, бүлдіршіндердің санасы діни фанатизммен, одан қалғаны түнгі клубтармен улануда.

Сондықтан:

1. 17 жасқа дейінгі балаларға (мектеп оқушыларына) мешітке кіруге тыйым салынғаны дұрыс.

2. 17 жасқа дейінгі балаларға (мектеп оқушыларына) түнгі клубтарға, компьютер ойындарына кіруге тыйым салынғаны дұрыс.

3. Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, қазақ мәдениеті ("Өзін-өзі тану" пәнін "Қазақ мәдениеті" немесе "Қазақтың салты", немесе "Отбасы хрестоматиясы" деп өзгертіп, лайықты бағдарлама әзірлеп), 1-11 сыныптарда күніне, кемінде, 1 сабақ (45 минут) оқытылуы шарт.

Ұрпақты, ұлтты сақтаудың алғышарттарын осылай ғана қалыптастыра аламыз.

Бала - жас шыбық, қалай майыстырсаң, солай қарай майысады", - деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін