"Бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі - Аллах, Иншаллах сияқты араби сөздер", - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі - Аллах, Иншаллах сияқты араби сөздер", - Сәуле Әбілдаханқызы

"Бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі - Аллах, Иншаллах сияқты араби сөздер", - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы баспаналы болып, қазақ елін жылатқан 9 жасар Оразымбет жайлы өз ойын айтты.

  • 2 Ақпан 2022
  • 5288
Фото - Caravan.kz

Журналистің айтуынша Аллах, ИншАллах, МашАллах сөздер ол — араби сөздер.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Сәуле Әбілдаханқызының Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

“17 жасқа дейінгі балаларға мешітке кіруге тыйым салынғаны дұрыс”, — Сәуле Әбілдаханқызы

"Бір кішкентай балапанға халық үй сыйлапты, жүрегі жарыла қуанып, рахмет айтып тұрған балақанның видеосын көріп қалдым. Құтты болсын!!! Өсіп-өніп, жаңа шаңырағы қарашаңыраққа айналсын! Анасы аман болсын! Бір адам қуанса, қуанамыз ғой. Ал Ана мен Баланың қуанғаны — Құдайдың қуанғаны….

Тек… әлгі баланың алғыс айтқан видеосын қарап отырғанда, "қап, әттеген-ай!… деген бір түйткіл тұрды көкейде… Кіп-кішкентай, бесіктен белі шықпаған баланың екі сөзінің бірі — "аллах, иншаллах, машаллах, жәннат…" сияқты араби сөздер… (Соған қарағанда, үй сыйлаған сақалиттер шығар…) Араби діннің дәні түсіп үлгеріпті… Өзегіне құрт боп түспесе екен…. Жүрегіне нұр боп құйылса екен…

Балалардың, жеткіншектердің өзегі берік болуы, әртүрлі ағымның жетегінде кетпеуі — отбасымен бірге мектеп мұғалімдеріне бірдей байланысты. Бүгін мектеп оқушыларының өзегіне ұлттық нәрді құймасақ, ертең ол вакуумға "қоқыс" толады да, міне, сол кезде нағыз қасірет, нағыз трагедия болады… Ол кезде Тәуелсіздігіміз де бәйгеге тігіледі….


Балапандарды араби уағыздан сақтайықшы!", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.

Соңғы жаңалықтар