1-маусымнан бастап "Қазақтелеком" таксофон карточкалары бойынша байланыс қызметінің бағасын арзандатпақ
2003-жылдың 1-маусымынан бастап Ұлттық байланыс операторы "Қазақтелеком" ААҚ таксофон карточкаларын пайдалануды ұсынатын байланыс қызметінің бағасын арзандатады. "Қазақтелеком" ААҚ баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, жергілікті байланыс қызметінің тарифі 19,4 процентке арзандатылып, бір минуттық байланыс бағамы қосымша құн салығын қоса есептегенде 2,9 теңге болды. |
Сондай-ақ, ТМД және Балтық жағалауы елдерімен таксофон карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын халықаралық байланыс қызметінің құны 12,6 процентке арзандатылды. Ендігі жерде бұл елдермен 1 минуттық байланыс құны 67,03 теңгені құрайтын болады.
Баспасөз қызметінің мәліметіне жүгінсек, әмбебап электрондық карточкалы таксофондар желісін дамыту жобасы 1998-жылдан бастап жүзеге асырыла бастаған. Бүгінде Республика бойынша осындай таксофондардың 5887-сі орнатылса, оның 128-і 2003-жылы пайдалануға берілген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін