Банк қаулысына сәйкес, бұдан былай кредит бойынша айлық төлемдер несие алушының табысының жартысынан аспауы тиіс. Қаулы ресми баспасөздің бейсенбідегі санында жарияланды.
Егер қарыз коэффициенті аталған мөлшерден асқан жағдайда банк несие бермейді. Бірақ, мұның бұған дейін ашылған несие желілеріне қатысы жоқ.