2 шілдеде Қазақстанда Н.Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2 шілдеде Қазақстанда Н.Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні өтеді

2 шілдеде Қазақстанда Н.Назарбаевтың қатысуымен Индустрияландыру күні өтеді

Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы шаралардың аңдатпасын жариялады.

  • 29 Маусым 2015
  • 510
Фото - Caravan.kz

2 шілдеде «Нұрлы жол» және  елді индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға арналған Индустрияландыру күні өтеді. Шара ауқымында Индустрияландыру картасының жаңа жобалары, «Нұрлы жол» бағдарламасы ауқымындағы инфрақұрылымдық нысандар құрылысы іске қосылады. Сонымен бірге қазақстандық өндіріс тауарларының көрмесі өтеді.

3 шілдеде Жаңарту жөніндегі ұлттық комиссияның есебі тыңдалатын кеңес өтеді.

4-6 шілде күндері Мемлекет басшысы Астана күніне арналған іс-шараларға қатысады

8 шілде күні Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди елімізге сапармен келеді деп күтілуде. Сапар аясында Қазақстан мен Үндістан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қаралатын болады. 

9-10 шілде күндері Қазақстан Президенті Ресей Федерациясының Уфа қаласында ШЫҰ мен  БРИКС саммиттеріне қатысады деп жоспарланған.


Сонымен бірге, 3 шілде күні Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлауда. 

Оның ішіндегі ерекшеліктері: ыңғайлы құрылым және навигация,  сайттың планшеттер мен смартфондардағы толыққанды бейнеленуі үшін «бейімделген дизайн», «Президентке хат» функциясы ауқымында Мемлекет басшысының атына хат жолдау мүмкіндігі.