"20 мыңды ұсақтап беріңізші". Жақсылық жасаған шымкенттік оңбай алданды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"20 мыңды ұсақтап беріңізші". Жақсылық жасаған шымкенттік оңбай алданды

"20 мыңды ұсақтап беріңізші". Жақсылық жасаған шымкенттік оңбай алданды

Жалған купюралармен алаяқтық жасаған күдіктілер ұсталды

  • 31 Мамыр 2018
  • 35
Фото - Caravan.kz

Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөліміне биылғы жылдың сәуір айында жергілікті тұрғын арызданды, деп хабарлады ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Шағымданушының айтуынша, мейрамханалардың бірінде оған ер адам келіп, 20 мың теңгелік 2 купюраны ұсақтап беруін өтінген. Алайда кейіннен купюралар жалған екені анықталған. Аталған жайт "алаяқтық" бабы бойынша тіркелді.

Шымкент ҚІІБ Абай ПБ полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, күдікті қылмысын мойындады. Тергеу кезінде оның осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Мамыр айында алаяқ Шымкент қаласындағы мейрамханалардың бірінде жалған купюраларды осылайша ұсақтаған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 80 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы барын тексерілуде.


Шымкент қаласы полицейлері тұрғындарға мұқият болып, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас кезінде түрлі алаяқтардың қармағына түспеу үшін сақ болуға кеңес береді.

Осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада "102" телефон нөмірі бойынша полицияға хабарлаңыз.

 

Соңғы жаңалықтар