Жарияланды: 620

20 тамыз күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттығына 63 кандидат ұсынылған

Астана. 21 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - 20 тамыз күнгі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттығына 63 кандидат ұсынылған. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов комиссия отырынан кейін журналистеррге арналған брифингте хабардар етті. ОСК төрағасының парламент сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу барысы жайындағы мәліметіне сәйкес, "20 тамыз күнгі жағдай бойынша

Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаттығына 63 кандидат ұсынылған". Соның ішінде Ақмола облысы бойынша - 2 адам; Ақтөбе облысы бойынша - 6 адам; Алматы облысы бойынша - 2 адам; Атырау облысы бойынша - 4 адам; Батыс Қазақстан облысы бойынша - 2 адам; Жамбыл облысы бойынша - 5 адам; Қарағанды облысы бойынша - 6 адам; Қостанай облысы бойынша - 2 адам; Қызылорда облысы бойынша - 3 адам; Маңғыстау облысы бойынша - 5 адам; Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша - 10 адам; Павлодар облысы бойынша - 2 адам; Солтүстік Қазақстан облысы бойынша - 4 адам; Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 2 адам; Алматы қаласы бойынша - 7 адам; Астана қаласы бойынша - 1 адам. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 14 адамды мәслихаттар ұсынған, 49 адам өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланған. Үміткерлердің алтауы әйел. Ұсынылған 7 кандидат - Сенаттың қазіргі депутаттары болып табылады. Кандидаттардың ішінде "Нұр Отан" партиясының мүшелері - 21, "Ақ Жол" партиясынан - 1, қоғамдық бірлестіктерден - 1 үміткер, партияда жоқтар - 25, ал 15 кандидат өзінің партияға қатыстылығын көрсетпеген. Бүгінгі күні сенат депутаттығына 4 кандидат тіркелген. Кандидаттарды ұсыну басталғалы бері 3 адам өз кандидатурасын алып тастады. Жалпы алғанда, сайлау науқаны қалыпты өтіп жатыр. Сайлау заңнамасының бұзылу фактілері туралы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына түскен өтініштер мен шағымдар жоқ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үміткерлердің атын ұсыну 3 қыркүйекке дейін созылады. Парламент сенатының депутаттары 4 қазанда сайланады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін