Жарияланды: 390

20 жылда Қазақстанда шамамен 900 млн тонна мұнай өндірілді

20 жылда Қазақстанда 900 млн мұнай өндіріліпті, деп мұнай және газ вице-министрі Ләззат Қиынов мәлім етті.

«Тәуелсіздік жылдары, яғни 20 жыл шамасында Қазақстандағы мұнай және газ конденсатын өндіру үш есеге артты. Бұған дейін шамамен жылына 25 млн тонна болатын, ал былтыр біз 80 млн тоннадай өндірдік. 20 жылда Қазақстанда 900 млн тоннадай мұнай өндірілді», - деді ол бейсенбі күні ДИЭФ панельдік сессиясында. Ол Қазақстан 2015-ші жылға қарай мұнай өндірісінің көлемін 20%-ға жеткізбек ниетінің абарлығын айтты. Сөйтіп, мұнай өндірісі қазіргіден 15 млн тоннаға артады. «Біз жыл сайын мұнай өндірісінің көлемін 1,5-2 млн тоннаға арттырып отырмыз. Сондықтан біз биылға шамамен 81,5 млн тонна мұнай өндірмекпіз», - деді ол, 2011-ші жылғы мұнай өндіру жоспарына қатысты журналистердің сауалына жауап беріп.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін