"Мадридтегі турнир": Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мадридтегі турнир": Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

"Мадридтегі турнир": Елена Рыбакинаның жартылай финалдағы қарсыласы белгілі болды

Бүгін Астана уақытымен 00:30 шамасында қазақстандық Елена Рыбакина Мадридте белоруссиялық Арина Соболенкомен кездеседі.

  • 2 Мамыр
  • 17
Zakon.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабаралйды.

Мадрид WTA-1000 турнирінің жартылай финалында әлемнің екі үздік теннисшісі өзара мықтыны анықтайды.

Рыбакина өз мансабында тұңғыш рет Мадридтегі турнирдің жартылай финалына жетіп отыр. Елена мен Арина тоғызыншы рет кездескелі отыр. 

Екі спортшы арасындағы өзара тартыста Соболенко 5:3 есебімен алда келеді. 

Айта кетелік, биылғы маусымда Елена Рыбакина Брисбендегі (Австралия) WTA-500 турнирінде, Дубай (БАӘ) және Штутгарт (Германия) додасында топ жарды.

Сондай-ақ, Доха (Катар) мен Майамиде (АҚШ)  өткен WTA-1000 санатындағы турнирлердің финалына шықты. 

Соңғы жаңалықтар