200 келі сиырды құтқарған ШҚО құтқарушылары көпшілікті сүйсіндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
200 келі сиырды құтқарған ШҚО құтқарушылары көпшілікті сүйсіндірді

200 келі сиырды құтқарған ШҚО құтқарушылары көпшілікті сүйсіндірді


Шығыс Қазақстанда жартасқа шығып, түсе алмай қалған сиырды төтенше жағдай қызметкерлері түсірді, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

  • 2 Мамыр 2022
  • 53
Фото - Caravan.kz

Жоғалған жануарды құтқару бойынша арнайы операцияны Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары жүргізуге мәжбүр болды.

Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері арнайы арқандардың көмегімен жануар тұрып қалған жерге түсіп, оны байлап, таудың басына сүйреп шығарды.

Барлығы алты құтқарушы жұмылдырылып, салмағы 200 келіден асатын жануарды аман-есен шығарды.

Көпшілік құтқарушылардың әрекетіне тәнті болды.


“Отбасы үшін бұл асыраушы”, “Жігіттер жарайсыңдар”, “Рахмет”, “Суға қалай құлап кетпеген. Құтқарушылар жарады, малды мұндай жайылымға жіберуге болмайды”, – деп жазды желі қолданушылары.