200 оқушы далада қалмайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
200 оқушы далада қалмайтын болды

200 оқушы далада қалмайтын болды

Ата-аналардың жанайқайы Үкіметке  жетті. Енді оқу жылының қақ ортасында аяқастынан жұмысын тоқтатады деген Алматыдағы орта мектеп жабылмайтын болды. Күрделі жөндеу жұмыстары да кейінге шегеріліп отыр. 

  • 8 Ақпан 2014
  • 288
Фото - Caravan.kz

Міне, 4 күн бұрын ғана осылай деп айқайға басқан ата-аналардың назына билік басындағылар көңіл аударған сыңайлы. Алматы қалалық білім басқармасы тозығы жеткен №3ші мектепке жөндеу жұмыстарының керек екенін оқу жылы кезінде еске түсірсе керек. Шенеуніктердің салғырттығынан, аяқасты осындағы 200-ден аса оқушы мен 30 мұғалім далада қала жаздаған. Басшылық тіпті білім ордасының жабылатынын ата-аналарға ертерек ескертуді де жөн санамапты. Ал айқай-шу Үкімет басшысының өзіне дейін жеткен. Енді мектепті жөндеуге жабу мәселесі оқу жылының соңына шегеріліп отыр.


Аслан Сәрінжіпов, ҚР Білім және ғылым министрі:

– 3-ші мектеп туралы мәселесін қарастырдық. Алматы қаласының Білім беру басқармасына арнайы хат жібердік. Бүгінгі күнде ол мектепті жабудың қажеті жоқ. Бүгін сондай шешім қабылдадық. Сол мектепте сабақтар жалғасады. Жөндеу жұмыстары жазда болады. Менің ойымша дұрыс түсіндірілмеген.