«2000 адамнан 200-і ғана тірі қалды»: Құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«2000 адамнан 200-і ғана тірі қалды»: Құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты

«2000 адамнан 200-і ғана тірі қалды»: Құтқарушылар Түркиядағы жер сілкінісіне қатысты жантүршігерлік жайттарды айтты

Түркияда үйінді астынан адамдарды құтқару жұмысы аяқталғанымен, құтқарушылар жойқын зілзала туралы әлі де адам шошырлық деректермен бөлісуде.

  • 22 Ақпан 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлайды.

Сондай оқиғалардың бірімен желіде құтқарушылардың бірі бөлісті.

«Міне құрметті қазақ елі, мына жерде 283 ғимарат болған екен. 2000 шақты адам тұрған екен және бір ерекшелігі бұл жерде тұрған адамдардың барлығы бай адамдар болған екен. Осының 200 ғана адамы тірі қалған екен. Қалғаны, барлығы қайтыс болып кеткен, жердің астында. Мына жерде өліктің иісі шығып тұр. Қарулы күштер осы жерде жұмыс істеп, тыныштықты сақтап отыр. Әйтпесе қаланың ішінде морадерлер көп, кей адамдар құтқару үшін келсе, шайтан кейпінде, былайша айтқанда адамдардың алтын-күмістерін ақшаларын ұрлап жүр екен», — деді ол.

Айта кетейік, Түркияда жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 30 мыңнан асып кетті.


Сондай-ақ 20 ақпан күні түнде елдің Хатай провинциясында тағы да жер сілкініп, 300-ге тарта адам зардап шегіп, 3 адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

Жер асты дүмпулері сонымен бірге көршілес Сирия, Мысыр және т.б елдерде сезілген.

Соңғы жаңалықтар