2002-жыл қорытындысы бойынша елімізде түсті металл өндіру көлемі 4,9 процентке артып, 281,2 миллиард теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2002-жыл қорытындысы бойынша елімізде түсті металл өндіру көлемі 4,9 процентке артып, 281,2 миллиард теңгені құрады

2002-жыл қорытындысы бойынша елімізде түсті металл өндіру көлемі 4,9 процентке артып, 281,2 миллиард теңгені құрады

2002-жыл қорытындысы бойынша Қазақстанда түсті металл өндіру көлемі 4,9 процентке артып, 281,2 миллиард теңгені құрады. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі таратқан хабарламада жарияланды.

  • 3 Маусым 2003
  • 1026
Фото - Caravan.kz

2002-жылы кен шығару және түсті металл өндірумен 67 кәсіпорын айналысқан.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемінде түсті металлургия саласы 10 процент үлеске ие.
Республика бойынша түсті металлаургия өнімдерінің 40 процентін Қарағанды облысындағы, 30 проценттен астам бөлігін Шығыс Қазақстан, 9,8 процентін Павлодар облысындағы кәсіпорындар өндірді.
200-жылы бұл салада 67 мың адам еңбек етті. 2002-жылы саладағы орташа айлық жалақы 26,9 мың теңгені құрады, бұл — жалпы өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштен 4,3 процент артық.
Салалық кәсіпорындардың негізгі капиталына салынған инвестиция 23,9 миллиард теңгені , немесе жалпы өнеркәсіп саласына құйылған инвестицияның 4,1 процентін құрайды.
Құрамында алтыны және марганеці бар кендерді өндіру көлемі 1,3 есе, қорғасын және боксит өндіру көлемі 1,2 есе , хром кені, қорғасын, марганец және мырыш концентратын өндіру ауқымы 15,8- 14,0 процентке, глинозем, мыс және мырыш концентратын өндіру көлемі 12,6-2,9 процентке артты.
Мыс, никель, алюминий, қорғасын, мырыш, тантал, магний, висмут, кадмий және титан сынды маңызды түсті металлдарды экспортқа шығару көлемі 2002-жылы еліміздің жалпы экспортының 10,8 проценті құрады, оның 67,9 проценті мыстың үлесінде.
Шетелдерге 392,5 мың тонна мыс шығарылды, бұл елімізде өндірілген мыстың 87 проценті. Мысты экспорттаушы негізгі әріптестер Қытай (54%) және Италия (39%) болып табылады. Ресей мен Өзбекстаннан 3,3 мың тонна мыс импортталды.
Қазақстанда өндірілген титанның басым бөлігіғ яғни, 92,8 проценті АҚШ, Нидерланды және Жапонияға шығарылады. Импорттық титанның 83,4 проценті Ресейден әкелінеді. Өңделмеген аллюминийдің 80 проценттен астамын, немесе 37,8 мың тоннасын еліміз Қытайға экспорттады. Өз кезегінде Ресейден Қазақстанға 1,5 мың тонна аллюминий жеткізілді. Никель және одан жасалған өнімдер экспортының 99,6 проценті Германияның үлесінде, импорттық никельдің 80 проценті Қазақстанға Ресейден әкелінеді.
2002-жылы аффинделген алтын және күмістің бір килосының орташа бағасы тиісінше 1496,8 және 22,2 мың теңгені құрады. 2002-жылы түсті металл түрлерінің жылдық орташа бағамы мынадай болды : аршылған мыс- тоннасына 219,1 мың теңге, өңделмеген аллюминий -18,6 мың теңге, аршылған қорғасын — 48,5 мың теңге, өңделмеген мырыш — 76,0 мың теңге, магний және магний қорытпасы — 298,4 мың теңге .

Соңғы жаңалықтар