Жарияланды: 780

2002-жылы денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік мекемелері 73,23 млрд. теңгенің қызметін көрсетті - ҚР статистика жөніндегі Агенттігі

2002-жылы еліміздегі денсаулық сақтау ұйымдары мен әлеуметтік қорғау мекемелері 73,23 млрд. теңгенің қызметін көрсетті. Бұл 2001-жылғы деңгейден 19 процент артық. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі Агенттігі таратқан хабарламада айтылған.

Қызметтің 81 проценті республикалық бюджет есебінен , 12 проценті тұрғындар қаржысы есебінен, ал 7 проценті кәсіпорындар есебінен жүзеге асырылды. Қызмет көлемінің басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 62 проценті ауруханалар іс-қызметі есебінен қалыптасып, 45,59 млрд. теңгені құрады. Дәрігерлік практикамен айналысушы ұйымдар 15 процент , немесе 10,77 млрд. теңгенің, адам денсаулығын қорғау қызметімен айналысушы ұйымдар 7,38 млрд. теңгенің (10%) , жатын орынмен қамтамасыз ететін әлеуметтік даяшылық ұйымдары 5,6 млрд теңгенің (8%) қызметін көрсетті. Сонымен бірге, тұрғындарға 1,6 млрд. теңгенің стамотологиялық, 979 млн. теңгенің мал дәрігерлік қызметі көрсетілді. Қызмет көлемін облыстар бойынша алып көргенде, ең көп мөлшерде даяшылық жасаған қала және облыстар қатарына Алматы (жалпы көлемнің 16 проценті немесе 11,5 млрд. теңге) , Шығыс Қазақстан облысы (7,3 млрд. теңге немесе 10%), Оңтүстік Қазақстан облысы (6,66 млрд. теңге немесе 9%), және Қарағанды облыстары (5,81 млрд. теңге немесе 8%) қамтылды. Тұрғындарға ең мардымсыз көлемде қызмет көрсеткен облыстар санатына 2,29 млрд. теңгемен Атырау, 2,31 млрд. теңгемен Ақтөбе, 2,98 млрд теңгенің қызметін көрсеткен Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть