2002-жылы табиғат қорғау шараларына экологиялық төлемдердің небәрі 19,5 проценті ғана пайдаланылған - kaz.caravan.kz
  • $ 478.58
  • 520.84
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2002-жылы табиғат қорғау шараларына экологиялық төлемдердің небәрі 19,5 проценті ғана пайдаланылған

2002-жылы табиғат қорғау шараларына экологиялық төлемдердің небәрі 19,5 проценті ғана пайдаланылған

2002-жылы аймақтарға бөлінген 8 млрд. теңге көлеміндегі экологиялық төлемдердің небәрі 19,5 проценті ғана табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру мақсатында пайдаланылған. Бұл туралы экология және қоршаған ортаны қорғау министрлігі коллегиясының кеңейтілген отырысында министр Айткүл Самақова хабарлады.

  • 14 Қазан 2003
  • 480
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қоршаған ортаға зиянды әсердің жалғаса түскеніне қарамастан жергілікті билік табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға асығар емес.

Сондай-ақ, экологиялық тауқыметтердің ұзақ уақыт бойы шешімін таппау себебін А.Самақова жергілікті атқарушы органдардың бытыраңқылығынан көреді. Министрдің пікірінше, экологиялық ахуалды жақсарту үшін барлық мүдделі мекемелердің етене ықпалдастығын қалыптастыру, қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің біртұтас жүйесін құру, қазіргі экологиялық нормалардың мәртебесін заңдық деңгейге дейін көтеру қажет.