Жарияланды: 480

2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның кірісі 20,8 млн. долларды құрады

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес есептелген мәлімет бойынша, 2003-жылдың 1-маусымындағы жағдаймен "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның кірісі өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 3,2 процентке артып, 20,8 млн. долларды құрады. Бұл туралы "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

Қазіргі таңда "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның активтері 2,45 млрд. долларды, ал банктің жеке капиталы мен несиелік қоры 203 млн. долларды құрайды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 1990-жылы құрылған "Қазкоммерцбанк" ААҚ еліміздегі іскерлік саласындағы барлық жобаларға атсалысады. Қырғызстанда салалық бөлімшесін ашқан банк қазір Москоммерцбанкті сатып алуға дайындалуда. "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның акциялары Лондон, Стамбул және Франкфурт биржаларында сатылады. "Қазкоммерцбанк" ААҚ-ның акционерлері арасында Еуропалық қайта құру және даму банкі бар. Аталмыш халықаралық қаржы институты Қазкоммерцбанктің дауыс беруші акцияларының 15 процентін иемденеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть