Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жол-көлік оқиғаларының саны 16,1%-ке, қайтыс болғандар саны 11,8%-ке, жарақаттанғандар саны 18%-ке артып отыр.
Жол-көлік оқиғаларының арасынан жаяу жүргіншіні қағып кету оқиғасы жиі тіркелуде.
Өскемен жол полициясы бөлімінің мәліметіне жүгінсек, биылғы жылдың қаңтар-маусым айларында жол қозғалысының тәртібін бұзуға қатысты 38,4 мың оқиға тіркелген, соның ішінде көлікті мас күйінде айдап жүрген 2314 жүргізуші ұсталды. Барлығы 21 млн. 260 мың теңгенің айыппұлы салынды.
Сондай-ақ, қала көшелері мен жолдарының жол қозғалысы қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігін анықтау үшін 34 тексеру жүргізіліп, 23 автокәсіпорынның жұмысы тексерілді. Соның нәтижесінде 63 жүргізуші мен 31 лауазым иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.