Жарияланды: 1200

2003-жылдың бірінші жартысында Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал тұрақтана түсті

Жұқпалы ауруларға қарсы кешенді алдын алу шараларын жүзеге асыру нәтижесінде Алматы аумағында эпидемиологиялық ахуал тұрақтана түсті. 2003-жылдың бірінші жартысында вирусты гепатиттің А,В,С түріне, құрт ауруы, бактериялық қантышқақ, сальмонеллез, бруцеллез, листериоз, эхинококкоз, мерез, педикулез, менингит, коклюш, үш сүзегі тәрізді жұқпалы дерттерге шалдығу көрсеткішін азайтуға жағдай жасалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық

санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінен хабарлады. Сіреспе, қылау, ми қабынуы тәрізді дерттер тәркелген жоқ. Сонымен бір уақытта, Алматы қалалық СЭС мәліметіне сәйкес, іш ауруы, ротавирустық инфекциялар, иерсиниоз, жұқпалы паротит, қызылша, қотыр, тері микозы, ВИЧ жұқтыру көріністері арта түскен. Алғашқы жарты жылдықта безгек-малярия дертін сырттан жұқтырып келуге байланысты үш оқиға тіркелді. Жұқпалы паротит дертінің алдын алу , эпидемияға жол бермеуге дер кезінде шара қолдану мақсатына Алматы қалалық бюджетінен 1 млн. 600 мың теңге бөлініп, 20 мың вакцина дозасы сатып алынды. Мамыр айынан бері жұқпалы паротитке шалдығу оқиғалары азая түсті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть