Жарияланды: 650

2003-жылдың маусымында Қазақстандағы ең ықпалды адамдар ретінде Нұртай Әбіқаев, Даниал Ахметов және Григорий Марченколар аталды - "KAZRATING"

2003-жылдың маусымында Қазақстандағы ең ықпалды адамдар- ҚР президенті әкімшілігінің басшысы Нұртай Әбіқаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов және ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко болып табылады. "Қазақстандағы ең ықпалды адамдар" атты социологиялық зерттеу қорытындысын шығарған Ұлттық "KAZRATING" рейтинг агенттігінің сарапшылары осындай қорытындыға келді.

Зерттеу мақсаты - қандай бір саяси қызметкердің Қазақстандағы саяси шешімдердің қабылдануына тигізетін ықпал деңгейін анықтау болып табылады. Сарапшылар 65 саяси және бизнес өкілдерін екі критерий бойынша, атап айтсақ, он баллдық шкала бойынша ықпал деңгейін, сондай-ақ, оң, теріс және бейтарап деген белгілерге қарай ықпал позициясын айқындауы тиіс болатын. Сарапшылық жасау құқығы мемлекетттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, саясатттанушылар мен журналистерге берілді. Зерттеу нәтижесінде Н.Әбіқаев, Д.Ахметов пен Г.Марченко үшеуінің әрқайсысы 6,8 баллға ие болды. Олардың ықпал позициясы бейтарап деп бағаланды. Д.Ахметов үкіметі өз бағдарламаларын төтенше қысқа мерзімде дайындап бітірді. Жаңа үкімет басшысының пайымдауынша, ол құрған команданың басты мақсаты - жеке бизнесті экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді дамытуға итермелеу арқылы үкіметті экономиканы дамытушы катализаторға айналдыру болуға тиіс. 6,2 баллмен 4-орынға мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед пен ҚР үкімет басшысының бірінші орынбасары Александр Павлов ие болды. Осы орайда Мұхтар Құл-Мұхаммед кері ықпалды деп бағаланса, А.Павловтың позициясы бейтарап деп бағаланды. Бұлардың мұндай жоғары баллға ие болуы таяудағы үкімет алмасуы кезінде олардың өз позициясын сақтап қалуының нәтижесі деп түсіндірілген құжатта. Бұл - М. Құл-Мұхаммед пен А.Павловтың ықпалдылық деңгейі мен мемлекет басшысының оларға деген оң көзқарасын айғақтаса керек. Тізімдегі 6-орынды 6 баллмен үш адам бөлісті : ҚР вице-премьері - ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов, ҚР қаржыгерлер қауымдастығының төрағасы Дәулет Сембаев пен Нұржан Субханбердин. 5,8 баллды 9-орын ҚР қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың еншісіне тиді. Ал Қазақстандағы ең ықпалды адамдардың ондығына соңғы болып 5,7 баллмен ҚР ҰҚК-нің төрағасы Нартай Дүтбаев кірді. Оның позициясы бейтарап деп танылды. Мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетов маусымда 27-орыннан көрінді. Бұлардан басқа да ең ықпалды адамдардың қатарында "ҚазақМұнайГаз" ҰК-ның вице-президенті Тимур Құлбаев пен ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Болат Өтемұратов (5,6 баллмен 11- орында) , президент әкімшілігі төрағасының бірінші орынбасары Марат Тажин мен "ТұранӘлемБанкі" басқармаларының төрағасы Ержан Тәтішев (5,4 баллмен 16-орында) , ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау Агенттігінің төрағасы Ораз Жандосов , ҚР сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев, мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай (5,2 баллмен 18-орында) тәрізді адамдардың есімі аталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть