Жарияланды: 470

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5 млрд. теңгені құрады

2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,558 млрд. теңгені құрады (Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 43 %). Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда

6,6 % төмен. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады. Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 50,3% -і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға, 48,9%-і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына жұмсалды. Негізгі капиталға салынған инвестицияның 92,3 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 86,5 процентті құраған болатын), ал 0,5 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы 0% ), 7,1 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 13,5%), 0,1 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 0%) шығарылды. Негізгі капиталға салынған инвестицияны құрылымдық тұрғыдан алсақ, 63,7 проценті өңдеу өнеркәсібіне, 7,4 проценті көлік және байланыс саласына, 6 проценті электр энергиясы, газ және су тарату саласына салынды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін