2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. теңгеден асты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. теңгеден асты

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. теңгеден асты

2003-жылдың қаңтар-маусым айларында Өскеменде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5 млрд. 170 млн. теңгені құрады (Шығыс Қазақстан облысы бойынша жалпы инвестицияның 45,8 %). Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 4% артық. Бұл туралы қалалық статистикалық басқармадан KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 17 Шiлде 2003
  • 463
Фото - Caravan.kz

Инвестициялардың басым бөлігі, дәлірек айтсақ, 54,5% -і құрал-жабдық, сайман және керек -жарақ сатып алуға, 44,6%-і құрылыс-нысандарды салу және күрделі жөндеу мақсаттарына жұмсалды.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның 91,7 проценті кәсіпорын және ұйымдардың өз қаржысы есебінен (2002-жылдың осы мерзімінде бұл көрсеткіш 86,3 процентті құраған болатын), ал 0,4 проценті республикалық бюджет есебінен (2002-жылы 0% ), 7,8 проценті жергілікті бюджет есебінен (2002-жылы 13,7%), 0,1 проценті шетелдік инвестиция есебінен (2002-жылы 0%) шығарылды.
Негізгі капиталға салынған инвестицияны құрылымдық тұрғыдан алсақ, 57,1 проценті өңдеу өнеркәсібіне, 16,4 проценті көлік және байланыс саласына, 5,8 проценті электр энергиясы, газ және су тарату саласына салынды.

Соңғы жаңалықтар