Жарияланды: 480

2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері 1,096 триллион теңге болды

2003-жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстанда өнеркәсіп өнімінің мөлшері қазіргі баға бойынша 1,096 триллион теңге болды . Бұл 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,5 процент артық. Бұл туралы ҚР статистика жөніндегі агенттігі таратқан хабарламада айтылған.

Тау-кен өнеркәсібіндегі өнім мөлшері 11,8 процентке , ал өңдеу өнеркәсібінде 7 процентке, электр қуаты, су және көгілдір отын өндіру және тарату көлемі 8,7 процентке артты. Ауылшаруашылығындағы жалпы өнім мөлшері 92,7 млрд. теңгені құрап , өсім 5 процент болды. Транспорттық емес ұйымдар мен кәсіпкерлер тарапынан тасымалданған жүк көлемін ескергенде, жалпы жүк тасымалы ауқымы 596,5 миллион тоннаны құрады (өсім 9,2%). Бөлшек сауда айналымы мен қоғамдық тағаммен қамтамасыз ету көлемі 365,2 млрд. теңгеге жетті (өсім 9,9%). 2003-жылдың қаңтар-мамыр айларында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 314,3 млрд. теңгені құрады , бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11,6 процентке артық. 1-мамырдағы жағдаймен Республикада 181,45 мың шаруашылық субьектісі тіркелген, оның 136,45 мыңы жұмыс істейді. Олардың арасында шағын заңды тұлғалар саны 124,9 мың . Заңды тұлғалар арасында шағын кәсіпорындар саны 101,68 мың, соның ішінде шағын бизнес субьектісі - 88,6 мың.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть