2003-жылы еліміздегі инфляция 6,8 процентті құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2003-жылы еліміздегі инфляция 6,8 процентті құрады

2003-жылы еліміздегі инфляция 6,8 процентті құрады

2003-жылы еліміздегі инфляция 6,8 процентті құрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі Агенттігінен хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2004
  • 569
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сүйенсек, өткен жылы азық-түлік өнімдерінің бағасы 7,1%-ке, азық-түлік түріне жатпайтын өнімдердің бағасы 6,9%-ке, ақылы қызмет түрлерінің құны 5,9%-ке өсті.

Тұтастай алғанда еліміздегі инфляция 2002-жылы 6,6%-ті, 2001-жылы 6,4%-ті құрады.
2003-жылдың желтоқсан айында еліміздегі инфляция деңгейі 0,9%-ті құрады. Бұл орайда азық-түлік өнімдерінің бағасы 1,5%-ке, азық-түлік түріне жатпайтын өнімдердің бағасы 0,3%-ке, ақылы қызмет түрлерінің құны 0,4%-ке өсті.
Мәселен, өткен жылдың соңғы айында бидай нанының бағасы 1,1%-ке, ұн бағасы 4,6%-ке қымбаттады. Жоғары сортты бидай ұнының бір килосының бағасы зерттеу жүргізілген қалаларда желтоқсан айында орта есеппен 48 теңгені құрады, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 9 теңгеге қымбат. Бір жыл ішінде ет өнімдерінен (2003-жылғы желтоқсан мен 2002-жылғы желтоқсанды салыстырғанда) қой етінің бағасы айтарлықтай өсіп, 33 теңгеге (өткен айда оның бағасы килосына 381 теңгені құрады), сиыр еті 13 теңгеге (316 теңге) қымбаттаса, шошқа еті керісінше 21 теңгеге арзандады (290 теңге). Сүт өнімдерінің бағасы 4%-ке қымбаттады. Бір айда сүт бағасы 3 теңгеге (56 теңге), сүзбенің бағасы 10 теңгеге (189 теңге), қаймақ бағасы 12 теңгеге (248 теңге) қымбаттады.
Республика бойынша орта есеппен желтоқсан айында жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің баға өсімі 4,1%-ті құрады. Өткен жыл ішінде жеміс және көкөніс өнімдерінің бағасы 3-6 теңгеге қымбаттады. Бір кило пияздың бағасы 33 теңге, қырыққабат 34 теңге, сәбіз 38 теңге, қызылша 41 теңге, алма 110 теңгені құрады.
Бір айда қант бағасы 2,5%-ке, жұмыртқа 2,4%-ке, мал майының бағасы 1,8%-ке, балықтың бағасы 1,4%-ке қымбаттады.

Соңғы жаңалықтар