2004-жылы Ақтөбе облысындағы әлеуметтік сала нысандарын жөндеу және салуға 2 млрд. 400 мың теңге жұмсау көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Ақтөбе облысындағы әлеуметтік сала нысандарын жөндеу және салуға 2 млрд. 400 мың теңге жұмсау көзделіп отыр

2004-жылы Ақтөбе облысындағы әлеуметтік сала нысандарын жөндеу және салуға 2 млрд. 400 мың теңге жұмсау көзделіп отыр

Ақтөбе облысының басшылығы 2004-жылы әлеуметтік сала нысандарын жөндеу және салуға 2 млрд. 400 мың теңге жұмсауды көздеп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ақтөбе облыстық экономика және индикативтік жоспарлау басқармасынан хабарлады.

  • 8 Қазан 2003
  • 427
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Олег Химчук басқарған облыстық бюджеттік комиссия 2004-жылға арналған инвестициялық жобаларды қарай бастамақшы. Облыс басшылығы мектептер, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды күрделі жөндеуге қажетті жергілікті бюджеттен инвестицияланатын қаржы жөніндегі өтінімдерді облыстық басқармалардың басшыларынан үш күн ішінде қабылдайды.

«Отырыста жасалатын тізім бойынша алдағы жылдың басында мақсатты тендер өткізіп, айрықша маңызды нысандарды қаржыландыруға мүмкіндік бар «,- деді KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Ақтөбе облыстық экономика және индикативтік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Асылбек Ескендіров.