2004-жылы Екібастұздағы бірінші ГРЭС электр қуатын өндіру мөлшерін 13,5 процентке арттырды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы Екібастұздағы бірінші ГРЭС электр қуатын өндіру мөлшерін 13,5 процентке арттырды

2004-жылы Екібастұздағы бірінші ГРЭС электр қуатын өндіру мөлшерін 13,5 процентке арттырды

2004-жылы Екібастұздағы бірінші ГРЭС электр қуатын өндіру мөлшерін 13,5 процентке арттырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "AES Екібастұз" ЖШС-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Қаңтар 2005
  • 476
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2004-жылы Екібастұздағы бірінші ГРЭС 7,4 млрд. кВт/сағ электр қуатын өндірді. Ал 2003-жылы бұл көрсеткіш 6,4 млрд. кВт/сағ болған. Жалпы алғанда станция іске қосылған 1980-жылдан бері 255,3 млрд. кВт/сағ электр қуаты өндірілді.

2004-жылы станциядағы жабдықтарды жөндеуге 600 млн. теңге жұмсалды. Атап айтсақ, 2004-жылы осыдан жеті жыл бұрын жұмысы тоқтатылған №5 энергоблок күрделі жөндеуден кейін іске қосылды. Сондай-ақ 2003-жылы күзде апат шыққан №3 энергоблок жөнделді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, №3 энергоблокты қалпына келтіруге 512 млн. теңге жұмсау көзделіп отыр. Блок 2005-жылы іске қосылады. Станцияның 2005-жылға арналған бюджетінде жөндеу мақсатына 1 млрд. 248 млн. теңге қарастырылған.
«AES Екібастұз» ЖШС ГРЭС-1 негізінде 1996-жылы құрылған. Станцияда жобалық қуаты 4000 МВт-ты құрайтын 8 энергоблок бар.

Соңғы жаңалықтар