2005-жылдың І тоқсанында Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімі 10,5 млрд. доллардан асты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2005-жылдың І тоқсанында Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімі 10,5 млрд. доллардан асты

2005-жылдың І тоқсанында Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімі 10,5 млрд. доллардан асты

2005-жылдың І тоқсанында Қазақстанда өндірілген Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 1377,3 млрд. теңгені ( $10,5 млрд.) құрап, 2004-жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 9,1%-ке өсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР статистика жөніндегі агенттігінен хабарлады.

  • 13 Мамыр 2005
  • 490
Фото - Caravan.kz

Жалпы Ішкі Өнім мөлшерінің өсуіне экономиканың барлық салаларындағы өнім мөлшерінің өсуі, соның ішінде , құрылыс саласындағы өсім 27,7%, өнеркәсіп саласындағы өсім 7,4%, қызмет көрсету және байланыс саласындағы өсім 8,8%, сауда салсындағы өсім 8,4%, ауылшаруашылығындағы өсім 3,5%-ті құрауы әсер етті.

Жалпы Ішкі Өнім құрылымында тауар өндірісі 39,6% (33,1% өнеркәсіп саласы), қызмет көрсету үлесі 54,7%-ті иемденеді.