Ұлттық банк 2006-2012 жылдары 2 мың теңгелік номиналмен шығарылған банкноттарды қатар қолдану мерзімін белгіледі. Олар 2013 жылдың 29-наурызы мен 2015 жылдың 28-наурызы аралығында теңдей пайдаланылады.
Ұлттық банк басшысының қолы қойылған жарлық ресми баспасөздің сәрсенбідегі санында жарияланды және 10 күннен кейін күшіне енеді.