2007 жылдың 8 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің өсімі 10,2 % құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылдың 8 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің өсімі  10,2 % құрады

2007 жылдың 8 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің өсімі 10,2 % құрады

Астана. 17 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылдың 8 айында Қазақстанның Жалпы ішкі өнімінің өсімі 10,2 % құрады, деп мәлімдеді бүгін республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәжілістің жалпы отырысында сөйлеген сөзінде.

  • 17 Қазан 2007
  • 378
Фото - Caravan.kz

«2007 жылдың 8 айында еліміздің Жалпы ішкі өнімінің өсімі өткен жылғы осы мерзіммен салыстрғанда 10,2 % құрады», -деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов.

Сонымен бірге, «өнеркәсіп өнімін өндіруде біршама жоғары өсім байқалып, оның көлемі 5%-ке өсті». Осы ретте «өңдеу өнеркәсібінің өнімінің өсім қарқыны 7,5%-дан асты».

«2007 жылдың 9 айында инфляция деңгейі 8,6% болды, бұл өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2,7 проценттік пунктке артық. Осыған байланысты үкімет әкімдермен бірлесе отырып халыққа қосымша атаулы көмек көрсету жөнінде шаралар кешенін әзірледі», — деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті