2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында азаматтар алдыңғы жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық бала асырап алған - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында азаматтар алдыңғы жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық бала асырап алған

2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында азаматтар алдыңғы жылмен салыстырғанда бір жарым есе артық бала асырап алған

Шымкент. 6-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында азаматтар 451 бала асырап алған. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыстарын жетілдіру бөлімінің бастығы Жанат Омарова хабарлады.

  • 6 Ақпан 2008
  • 618
Фото - Caravan.kz

«2007 жылы азаматтар облыста 451 бала асырап алған, олардың 24-ін — алыс шетелдердің тұрғындары. Салыстыратын болсақ, 2006 жылы 319 бала асырап алынған, олардың 16-сын — шетелдік азаматтар асырап алған», — деп хабарлады Ж. Омарова. Бөлім бастығының айтуынша, шетелдік заматтардың ішінде ең көп баланы, атап айтқанда 17 баланы АҚШ азаматтары асырап алған.

«Алыс шетел тұрғындары күрделі жас болып саналатын 11 — 13 жастағы балаларды, сондай-ақ балалардың сал ауруымен ауыратын, сырт келбеттері кем болып туған балаларды жиі асырап алатындығы байқалады»,- деп қосты Ж. Омарова.

Ж. Омарованың айтуынша, баланың жаңа отбасында қалай өмір сүріп жатқандығы туралы жыл сайын есеп беруі бала асырап алу барысындағы міндетті шарт болып табылады. Бала 18 жасқа толмайынша, оның тағдырын жергілікті жерлердегі елшіліктер де өз бақылауларына алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті