2007 жылы Өскемен бюджетінің 30% білім беру саласын дамытуға жұмсалды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Өскемен бюджетінің 30% білім беру саласын дамытуға жұмсалды

2007 жылы Өскемен бюджетінің 30% білім беру саласын дамытуға жұмсалды

Өскемен. 11 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" -2007 жылы Өскемен бюджетінің 30% білім беру саласын дамытуға жұмсалды. Бұл саланы қаржыландыру көлемі 37 %-ға ұлғайды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Өскемен әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қаңтар 2008
  • 468
Фото - Caravan.kz

«Білім беру мекемелерінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына бюджеттен 2007 жылы 200 млн теңге, күрделі жөндеуге — 39 млн тенге, өрт жөніндегі дабыл жүйесін жөндеуге 20 млн астам теңге, материалдық-техникалық базаны нығайтуға 93 млн теңге бөлінді», — деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылы қалада 2 мектепке дейінгі мекеме және жалпы білім беру мекемелерінің жанындағы 2 миниорталық ашылып, 4 мультимедиялық кабинет пен 10 компьютерлік класс жабдықталды. Жабдықталу деңгейі 25 оқушыға шаққанда бір компьютер арақатынасына дейін жеткізілді, 2006 жылы бұл көрсеткіш 30 оқушыға шаққанда бір компьютер болған. Қаладағы 34 мектепте интерактивті тақталар орнатылып, мектептердің 98 % Интернет қызметін пайдаланады, мектептер толық «Кателко +» телевидениесін пайдаланады.

Өскеменде қазақ тілінде жалпы білім беретін 10 мектеп, 15 аралас мектеп, 5 балабақша жұмыс істейді, соңғысының екеуінде сабақтар қазақ тілінде жүргізіледі. «Возрождение» атты жексембілік мектепте 18 тілді үйрететін 46 класс ашылып, олардағы оқушылар саны 800 адамнан асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті