2007 жылы төлем карточкаларын шығару шамамен 37 процентке өсті - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы төлем карточкаларын шығару шамамен 37 процентке өсті - ҚР Ұлттық банкі

2007 жылы төлем карточкаларын шығару шамамен 37 процентке өсті - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 5,6 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 5,3 млн. адам болған, 2007 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 36,9% және 35,7% артқан. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 704
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді. Олардың өзіндік үлесі 96,4%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі — 3,6%. 2007 жылдың 1-ші қаңтарында бұл арақатынас 95,3% және 4,7% құраған болатын.

2007 жылдың желтоқсанында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы жасалған транзакцияларының көлемі 216,5 млрд. теңге құрады (өсім 2006 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 51,3%). 2007 жылдың желтоқсан айында транзакциялардың саны 9,5 млн. транзакцияны құрап, 2006 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 31,8%-ға өскен. Сондай-ақ, қолма-қол ақшасыз төлемдер санының (1,4 млн. транзакцияға дейін немесе 48,6%-ға) қолма-қол ақша алуға байланысты операциялар санының өсуімен (8,1 млн транзакцияға дейін немесе 29,4%-ға) салыстырғанда жоғары қарқынмен өсуі байқалады.

2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 19 банк және «Қазпочтасы» АҚ нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. Екінші деңгейлі банктер жергілікті жүйе төлем карточкаларын: Altyn Card — «Қазақстанның Халықтық Банкі» АҚ, SmartAlemCard -«ТуранАлем банкі» АҚ, «Каспий банкі» АҚ, TemirCard — «Темiрбанк» АҚ, «Сити банкі» АҚ, «Цесна банкі» АҚ жергілікті карточкалары және Kazcard — «Казпочта» АҚ шығаруда. Бұдан басқа, қазақстандық банктер келесідей халықаралық жүйе карточкаларын шығарумен және таратумен айналысуда: VISA International, Europay International, American Express International, China Union Pay және Diners Club International.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті