2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007-жылдың басында  Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі

2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді - ҚР Ұлттық банкі

АЛМАТЫ. 13-желтоқсан. Kazakhstan Today. 2007-жылдың басында Қазақстанда қайта қаржыландыру ставкасы өзгермейді. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған , деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Желтоқсан 2006
  • 537
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес, Ұлттық банк басқармалары 2007-жылдың 1-қаңтарынан бастап ҚР Ұлттық банкінің ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдың 9 процент деңгейінде белгілеуге қаулы шығарды, басқаша айтқанда, өзгеріссіз қалдырылды»,- делінген банк хабарламасында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Ұлттық банкі 2006-жылдың 1-сәуірінен бастап қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 8%-тен 8,5%-ке дейін, 1-шілдеден бастап ол 9%-ке дейін көтерілді. Ставканы көтеру жөніндегі шешім «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес және инфляция деңгейінің көтерілуіне байланысты қабылданды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті