Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі қаңтар айында 15,0 млрд. теңгеге (2,20%-ға) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпанда 698,9 млрд. теңге болды.
Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарына бөлінген зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыларды шегергенде) ағымдағы жылдың қаңтар айында 8,5 млрд. теңгеге (3,31%) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 264,2 млрд. теңге болды.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары жөнінде салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының (бұдан әрі — шот) саны 8 573 071 болды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны 36 969-ға немесе 0,43%-ға өсті.
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны қаңтар айында 2 195 (6,66%-ға) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпанда жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 628,7 млн. теңгемен 35 174 болды.
Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны қаңтар айында 3-ке (0,08%-ға) азайып, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 35,7 млн. теңгемен 3 749 болды.
Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасындағы «таза» инвестициялық кірістің үлесі 2007 жылғы 1 ақпанда 28,38% болды немесе ағымдағы жылдың қаңтар айында 0,27 пайыздық тармаққа өсті.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдері және жинақтаушы зейнетақы қорларынан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 49,8 млрд. теңге болды. 2007 жылғы қаңтарда алушыларға жалпы сомасы 1,8 млрд. теңгеге (3,85%) зейнетақы төлемдер жүзеге асырылды. Зейнетақы аннуитет шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қаражатының сақтандыру ұйымына аударымдары ағымдағы жылдың қаңтар айында жүзеге асырылмады.
Бір қордан екінші қорға салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражатының аударымдары қаңтар айында 7,0 млрд. теңгеге (5,09%-ға) өсіп, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 144,3 млрд. теңге болды.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерінің номиналдық кірісінің орташа алынған коэффициенті 2007 жылғы 1 қаңтарда:
2002 жылғы қаңтар — 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде — 52,35% (осындай кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі — 41,95%);
2004 жылғы қаңтар — 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде — 28,72% (осындай кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі — 24,80%);
2006 жылғы қаңтар — 2007 жылғы қаңтар аралығындағы кезеңде — 12,69% (осындай кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі — 41,95%) құрады.
2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры қызмет көрсетуде, олардың республика өңірлерінде 78 филиалы мен 77 өкілдігі бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды 12 ұйым жүзеге асырады, оның ішінде 6 зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорының: «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «БТА Қазақстан жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ, «Капитал» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ және «Қазақмыс» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның және «Отан» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның зейнетақы активтерін дербес басқаруға лицензиялары бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті