AFP ақпаратына сәйкес, Кипр мен Мальтаға Еуропалық Одақтың қаржы министрлерінің жиналысының шешімімен 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз аумағында евроны енгізуге рұқсат берілді.
Келісімге сәйкес, 1 евро 0,585274 кипр фунтына және 0,4293 мальта лирасына тең.
Кипр мен Мальта Еуропалық одаққа 2004 жылы Чехия, Венгрия, Польша, Словения, Словакия, Литва, Латвия және Эстониямен бірге мүшелікке өткен.
2008 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен еуропалық Одаққа мүше 27 мемлекеттен евроға 15 ел көшті.
Еврозонаның келесі мүшесі Словакия болуы мүмкін. Бұл ел 2009 жылы евроға көшеді деп межеленген. Еврозонаға Эстония, Латвия және Литва да енуге ниетті, бірақ оған айрыша жоғары инфляция көрсеткіші кедергі келтіруде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті