«Мемлекеттік қызметкерлердің пай қорларына қаражаттарын инвестициялау мүмкіндігінің мәселесі үкімет отырысында қаралып, премьер-министр Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне оны жетілдіруді тапсырды. Қазіргі уақытта тиісті заң жобасы дайындалған және оны қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар қарастыру үстінде», — деді Дәулет Ерғожин.
Дәулет Ерғожин мәселе «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға өзгертулер енгізу туралы болып отыр, — деді. «Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, мемлекеттік қызметкер құнды қағаздар иеленуге құқы жоқ. Ол өзінің барлық активтерін сенімді басқарушыға тапсыруы керек. Ал, инвестициялық қорлардың пайлары да сенімді басқарушының бір формасы болып табылады», — деп түсіндірді вице-министр.
«Егер Мемлекеттік қызмет істері агенттігі барлық мемлекетік органдардың келісіміне ие болса, онда заң жобасы келер жылдың қаңтарында мәжіліске енгізіледі. Менің ойымша, 2008-жылдың екінші тоқсанында барлық мемлекеттік қызметкерлерде өз ақшаларын тек депозитте сақтап қана емес, сондай-ақ, пай қорларына инвестициялауға мүмкіндік туады», — деді ол.
«Жалпы алғанда Қаржы министрлігі бұл ұсыныстарды толығымен қолдайды және бұл заң жобасы қабылдануы үшін барлық күшін жұмсайды», — деп сөзін қорытындылады Д. Ерғожин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті