Агенттік мәліметінше, маусым айында азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, (жыл басынан бері 8,1%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,8%-ға (тиісінше 3,8%-ға), ақылы қызметтер — 0,8%-ға (4,2%-ға) қымбаттады.
Инфляцияның жылдық көрсеткіші 20% құрап, азық-түлік тауарлары 29,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,6%-ға, ақылы қызметтер — 15%-ға қымбаттады. Жылдық орташа инфляция 19,1% құрады.
Азық-түлік тауарлары рыногында өткен айда жұмыртқаның бағасы 5,8%-ке арзандады, май және тоң май — 1,8%, сүт өнімдері 0,4% қымбаттады.
Нан және жарма өнімдерінің бағасы 4,8%-ға, күріш — 35,4%-ға, макарон өнімдері — 1,7%-ға, ұн — 2,1%-ға өсті.
Жаңа піскен көкөніс өнімдерінің бағасы 1,5%-ға арзандап, жеміс бағасы 1,1%-ға, қант — 2%-ға, ет өнімдері 1,2%-ға өсті.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бензин — 2%-ға, дизелдік отын — 6,8%-ға өсті. Жуғыш пен тазалағыш құралдар бағасының өсімі 1,8%, киім және аяқкиімге — 0,5%, үй тұрмысында пайдаланылатын заттарға — 0,7%, жеке гигиеналық тауарларға — 0,9% құрады.
Қызмет көрсетудегі төлем білім беруде 0,3%-ға, денсаулық сақтауда 0,9%-ға, мәдениет саласында — 0,6%-ға өсті. Шаштараздардың бағасы 1,3%-ға, мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтерінің құны 3%-ға өсті.
Жолаушы тасамалы 2,9%-ға қымбаттады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызмет көрсетулерге баға мен тарифтер 0,1%-ға өсті. Суық судың құны 1%-ға, электр қуаты мен газ бағасы 0,2%-ға, кәріз жүйесіне 0,8%-ға, тұрғын үйді күтіп ұстауға — 0,9%-ға өсті. Ыстық судың бағасы 1,3%-ға, қоқыс жинауға 0,2%-ға баға арзандады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті