2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында банк несиелері бойынша экономикадағы негізгі берешек көлемі 7258,3 млрд теңгені құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында банк несиелері бойынша экономикадағы негізгі берешек көлемі 7258,3 млрд теңгені құрады

2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында банк несиелері бойынша экономикадағы негізгі берешек көлемі 7258,3 млрд теңгені құрады

Астана. 6 тамыз. "Қазақстан Бүгін" -2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында банк несиелері бойынша экономикадағы негізгі берешек көлемі 7258,3 млрд теңгені құрады. Бұл туралы үкіметтің бүгінгі кеңейтілген отырысында ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі таратқан баспасөз баянында айтылған.

  • 6 Тамыз 2008
  • 454
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық валютадағы несиелер 2008 жылдың бес айында 0,2%-ға төмендеп, 4151,1 млрд теңгені, ал шетел валютасындағы несиелер 0,2%-ға өсіп, 3107,1 млрд теңгені құрады. Нәтижесінде, 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда теңгедегі несиелердің үлес салмағы 57,3%-дан 57,2%-ға дейін кеміді», -делінген құжатта.

Ұзақ мерзімді несиелердің өсу ағымы байқалуда. Мәселен, 2008 жылдың қаңтар-мамыр айларында ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 1%-ға өсіп, 5860 млрд теңгені құрады, ал қысқа мерзімді несиелер 4,1%-ға төмендеп, 1398,3 млрд теңге болды. Нәтижесінде ұзақ мерзімді несиелердің үлес салмағы 79,9%-дан 80,7%-ға дейін ұлғайды.

Банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне берген несиесі 2008 жылдың қаңтар- мамыр айларында 0,8%-ға төмендеп, 1494,2 млрд теңгені құрады.

Салалар бойынша алғанда, сауда (21,9%), құрылыс (17,9%), өнеркәсіп (9,5%), ауылшаруашылығы (3,2%) секілді салаларға несие берілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті