2008 жылдың қаңтарында теңге 0,07%-ға нығайды - ҚР Ұлттық банкі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылдың қаңтарында теңге 0,07%-ға нығайды - ҚР Ұлттық банкі

2008 жылдың қаңтарында теңге 0,07%-ға нығайды - ҚР Ұлттық банкі

Алматы. 14-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылдың қаңтарында теңге 0,07%-ға нығайды, деп хабарлайды агенттік ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 14 Ақпан 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

Ұлттық банктің баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 2008 жылдың қаңтар айында ішкі валюталық нарықтағы жағдай тұрақтылығы сақталған. Ай ішінде теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы $1-ға 120,05 — 120,65 теңге көлемінде өзгеріп отырды. Ай соңында теңгенің биржалық бағамы 1 АҚШ долларына 120,21 теңгені құраған.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сүйенсек, қаңтар айында Қазақстан қор нарығындағы қосымша саудалардағы мәмілелерді ескергендегі биржалық операциялардың көлемі 2007 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 31,4% төмендеп, 3,3 млрд АҚШ долларын құраған.

«Биржадан тысқары валюта нарығында операция көлемі 38,1% артып, 8,9 млрд АҚШ долларына тең болды», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті