2008 жылы Қазақстанда тарифтер үкіметтің қатаң бақылауы аясында өсетін болады - Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2008 жылы Қазақстанда тарифтер үкіметтің қатаң бақылауы аясында өсетін болады - Мәсімов

2008 жылы Қазақстанда тарифтер үкіметтің қатаң бақылауы аясында өсетін болады - Мәсімов

Астана. 14 ақпан. "Қазақстан Бүгін" -2008 жылы Қазақстанда тарифтер үкіметтің қатаң бақылауы аясында өсетін болады. Бұл туралы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

  • 14 Ақпан 2008
  • 489
Фото - Caravan.kz

«Биыл тарифтер үкіметтің қатау бақылауы аясында өсетін болады, ал халықтың кедей бөлігін әлеуметтік жағынан қорғау үшін үкімет нақты ұсыныстар енгізетін болады», — деді үкімет басшысы. «Әлеуметтік салаға қатысты мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын біз орындайтын боламыз», -деді ол.

Премьер-министр бұған қоса биыл алғаш рет «парламенттегі басымдық партияның үкіметі» мемлекет басшысына есеп беретінін атап өтті. Кәрім Мәсімов өткен жылы президенттің жолдауын жүзеге асыруға қажетті барлық заңдардың қабылданғанын атай отырып, парламент депутаттарына конструктивтік еңбегі үшін ризашылық білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті