Жарияланды: 550

2009 жылы бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің болжамдық деңгейіне шаққанда 3% құрайды - Сұлтанов

Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" -2009 жылы бюджет тапшылығы Жалпы ішкі өнімнің болжамдық деңгейіне шаққанда 3% құрайды. Бұл туралы бүгін "2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының Қазақстан парламентінің мәжілісіндегі тұсаукесері барысында еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2009 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 539 млрд 32 млн 125 мың теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің болжамдық деңгейіне шаққанда 3% құрайды, 2010 жылы - 625,4 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің болжамдық деңгейіне шаққанда 3%, 2011 жылы - 482,6 млрд теңге, немесе Жалпы ішкі өнімнің болжамдық деңгейіне шаққанда 2% болмақ", - деді Б. Сұлтанов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін