2009 жылы Қазақстанда селекциялық жылыжай кешендерінің құрылысы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2009 жылы Қазақстанда селекциялық жылыжай кешендерінің құрылысы басталады

2009 жылы Қазақстанда селекциялық жылыжай кешендерінің құрылысы басталады

Астана. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" -2009 жылы Қазақстанда отандық ауыл шаруашылық құрылымдарының селекциясын дамыту үшін селекциялық жылыжай кешендерінің құрылысы басталады. Бұл туралы жұма күні "Ресурстарды сақтау және әртараптандыру - академик Александр Бараевтың идеяларының жаңа сатысы" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының ашылуында ҚР ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Күрішбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Тамыз 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«Ірі селекциялық орталықтардың жанындағы селекциялық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін келер жылы селекциялық жылыжай кешендерінің құрылысы басталады. Ол сорттардың жасалуын 2-3 есеге жылдамдатуға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді А. Күрішбаев.

Ауыл шаруашылық министрі азық-түлік қауіпсіздігінің жоғарғы деңгейінің негізгі талабы астық тұқымдастар мен майды дақылдарды және басқа да ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты өндіру екенін атап көрсетті.

«Сондықтан, ауыл шаруашылық дақылдарының отандық селекциясын тұрақты түрде дамыту өсімдік шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы өзекті мәселе», — деп сөзін түйді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті