2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі

2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі

Астана. 12-қазан. "Қазақстан Бүгін" - 2010 жылы Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі. Бұл туралы Н. Назарбаев бүгін "Қазақстан -2030": алғашқғы онжылдық қорытындысы және келешек" атты халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 12 Қазан 2007
  • 840
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылдың аяғына дейін Қазақстандағы Интернет желісін пайдаланушылардың саны 1 млн 800 мың адамды құрайды, ал 2010 жылы олардың саны 3,5 млн адамға дейін өседі»,- деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, елбасының айтуынша, келесі жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін «еліміздің 2000 мектебі Интернет желісіне қосылады». «Бұл интерактивті оқыту әдісін кеңінен пайдалануға және біздің балаларымыздың білім алу сапасын түбегейлі жақсартуға мүмкіндік береді»,- деген сенімде ол.

«Қазіргі уақытта елімдегі мектептердің 95 пайызы тек компьютерлермен жабдықталып қана қоймай, сондай-ақ Интернет желісіне қосылған»,- деп еске сала кетті Н. Назарбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті