Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кеше Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындарына әзірлік жүргізу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті.
Ұйымдастыру комитетінің талқылауына Азия ойындарының бағдарламасы және аталған жарысты өткізу үшін қажетті спорттық нысандар тізбесін бекіту мәселесі енгізілді.
Алдағы Азия ойындарының бағдарламасында спорттың 11 түрі бойынша өткізілетін жарыстарда 59 кешенді медаль үшін бәсекеге салынады. Спорттық ғимараттар тізбесіне 15 нысан енді, оның ішінде 10-ы Астана және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы облысында салынатын болады. Ал 5 тізбеден алынған 5 нысан қайта жасалатын болады.
Отырыс барысында ұйымдастыру комитетінің мүшелері спорттық нысандарға арналған Астана және Алматы қалаларындағы жер телімдерін бөлу мәселесін талқылады.
«Ұйымдастыру комитеті жарысқа дайындалу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес, биылғы жылғы 5 мамырда Астана және Алматы қалаларында 2011 жылғы VII қысқы Азия ойындары басталғанға дейін 1000 күн қалғандығы туралы есеп басталмақ», деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Отырыста сондай-ақ Азия ойындарына әзірлік жүргізу және оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ бас директоры міндетін атқарушы Вадим Шақшақбаев таныстырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті