Жарияланды: 290

2012 жылғы қазанда сыртқы саудада өнімдерге бағаның төмендеуі белгіленді

Ағымдағы жылғы қазанда қыркүйекпен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 0,1%-ға, импортталатындарға - 0,3%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігі хабарлайды.

Экспорттық жеткізілімдерге бағаның газ конденсатына - 9,7%, көмірге - 2,7%, ферроқорытпаларға - 2,6%, сұйытылған пропан мен бутанға - 2,3%, қара металдар илегіне - 1,4%, мұнай өнімдеріне - 1%-ға төмендеуі, олардың мұнайға - 13%, қорғасынға - 8,1%, алюминийге - 7,4%, мырышқа - 5,5%-ға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға - 7,5%, бидайға - 3,9%-ға жоғары болды. Импорттық түсімдерден дәрі-дәрмектер - 9,1%, темекі - 3,7%, сүт өнімдері - 1,5%, күріш - 1,1%-ға арзандады. Маргарин - 2,6%, сүрек - 2,4%, қағаз - 2,1%, кондитерлік өнімдер - 2%, кофе - 1%-ға қымбаттады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін