Жарияланды: 690

2012 жылы «150» сенім телефонына балалар құқығын бұзуға қатысты 2900 қоңырау шалынды

2012 жылы «150» сенім телефонына балалар құқығын бұзуға қатысты 2900 қоңырау шалынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Дағдарыс орталықтар одағы» бірлестігі мен ЮНИСЕФ халықаралық ұйымы

1-19 қараша күндері республикада алғаш рет «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық науқанды өткізуді қолға алды. ҚР Білім және ғылым министрлігі департаментінің директор орынбасары Бақыт Әлібаеваның айтуынша, осы уақыт ішінде ел бойынша 200-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, 3 миллионға тарта бала қамтылмақ. «Қазақстанда зорлық-зомбылық әрбір төртінші жанұяда болады. Бүгінгі күні әлемнің 89 мемлекетінде, соның ішінде Қазақстанда отбасындағы зорлық-зомбылықпен күреске тікелей бағытталған заңдар жұмыс жасайды. Алайда, балаларға қатысты зәбір көрсету фактілері азаймауда. Көптеген зорлық-зомбылықтар отбасында болады. Бірақ ол жария етілмейді, жабулы күйінде қала береді. Осындай науқандар арқылы қоғамның назарын аталмыш мәселеге аударып, балалардың өмірін, көңіл-күйлерін жақсарта алсақ, біз алдымызға қойған мақсатқа жетеміз», - дейді Б.Әлібаева. Зәбір көрген балалар физикалық, психикалық дамудың, ақыл-ой өрісінің ауытқушылықтарына ұшырап, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қалыптаса алмауда. Қазіргі уақытта елімізде «150» тегін сенім телефоны жұмыс жасайды. 2012 жылы қазан айына дейін оған 117 410 қоңырау келіп түсті. Оның ішінде балалар құқығының бұзылуы жөнінде 2900 хабарлама бар. Ал оның 867-сі тікелей тауқымет кешкен балалардың өздерінен түсті. Қоңыраулардың көпшілігі, шамамен 55 пайызы қыз балалардан екен.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін