2012 жылы елімізде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері көлемі 17,8% кеміді
2012 жылы Қазақстанда 1 трлн 938 млрд 800 млн теңгенің ауыл шаруашылық өнімі өндірілді. Мемлекеттік статистика агенттігінің хабарлауынша, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 17,8% кем. |
Аталған уақыт аралығында 1 трлн 15,6 млрд теңгенің мал шаруашылығы өнімі (3,9% кеміген), 917,6 млрд теңгенің өсімдік шаруашылығы өнімі (27,7% кем) өндірілді.
Сонымен қатар, 2012 жылы мал басы да алдыңғы жылмен салыстырғанда біршама кемігені байқалады: ірі қара 0,6% (5 млн 668,5 мың бас), ешкі 2,4% (2 млн 590,1 мың бас), шошқа - 12,3% (1 млн 56,6 мың бас), қой - 1,1% (15 млн 267 мың) азайған. Тауық саны керісінше, 2,8% артып, 33 млн 779,6 мың басты, жылқы саны 1,9% артып, 1 млн 637,3 мың басқа жеткен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін