2012 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар орта есеппен екі еседен артық өсуге тиіс - ҚР президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2012 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар орта есеппен екі еседен артық өсуге тиіс - ҚР президенті

2012 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар орта есеппен екі еседен артық өсуге тиіс - ҚР президенті

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2012 жылы зейнетақылар мен жәрдемақылар орта есеппен екі еседен артық өсуге тиіс. Бұл туралы бүгін халыққа өзінің жыл сайынғы жолдауын арнау барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Ақпан 2008
  • 681
Фото - Caravan.kz

«2009-2011 жылдарға арналған жаңа үш жылдық бюджет 2007 жылмен салыстырғанда орташа зейнетақы мөлшерін 2012 жылға дейін 2,5 есе, соның ішінде келесі жылы — 25%-ға, 2010 жылы — 25%-ға, 2011 жылы — 30%-ға өсіруді қамтамасыз етуге тиіс», — деп мәлімдеді президент.

Осы орайда Н. Назарбаевтың атап көрсетуінше, «2011 жылы базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50% дейін өсуге тиіс».

«2009 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюы орта есеппен жылына 9%, бір жасқа дейінгі баланың бағым-күтіміне арналған ай сайынғы жәрдемақының кезеңмен ұлғаю мөлшері 2010 — 2011 жылдары 2007 жылғы жәрдемақы мөлшерінен орта есеппен 2,5 есе артық болатын деңгейге дейін жетуге тиіс»,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бұған қоса «2010 жылдан бастап төртінші және одан көп баланың тууына байланысты бір мәрте берілетін жәрдемақы мөлшері 2007 жылмен салыстырғанда 4 еседен артық болуға тиіс».

Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысы, Н. Назарбаевтың айтуынша, «2012 жылы екі есе деңгейге дейін, соның ішінде 2009 жылы — 25%-ға, 2010 жылы -25%-ға, 2011 жылы — 30%-ға кезең-кезеңмен өсіріледі».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті