2014 жыл - Орталық Азия мұсылман жастарының білім және зияткерлік даму жылы деп жариялануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жыл - Орталық Азия мұсылман жастарының білім және зияткерлік даму жылы деп жариялануы мүмкін

2014 жыл - Орталық Азия мұсылман жастарының білім және зияткерлік даму жылы деп жариялануы мүмкін

2014 жыл - Орталық Азия мұсылман жастарының білім және зияткерлік даму жылы деп жариялануы мүмкін. Бұл туралы кеше Бішкекте өткен «Орталық Азиядағы исламның оянуы үдерісі аясындағы зияткерлік бастама» деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды.

  • 25 Қараша 2013
  • 531
Фото - Caravan.kz


Онда Әзірбайжан, Иран, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия елдерінің дінтанушылары ғалымдарды, ислам зияткерлерін, зайырлы саясаттанушыларды өз бастамаларына қолдау көрсетуге шақырды. Оның ішінде исламдық білім беруді реформалау және қайта құру, халықтың діни білімін арттыру, исламды радикалды түсіндіруді тоқтату мақсатында ғылыми әлеуетті арттыру және исламдық жоғары оқу орындарының дәрежесін көтеру, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуге рухани әлеуетті барынша тарту жайы сөз болды. Сонымен бірге, тұрақты жұмыс істейтін ақпараттық және сараптамалық алаңдар құру ұсынылды. Алқалы жиында 2014 жылы Орталық Азия елдері мұсылман жастарының конференциясын өткізу туралы ойлар ортаға салынды.